«Nur Otan» партиясына халықтың 72,4% сенім артады – сауалнама
2021 жылы елімізде Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауы болады

Еуразиялық интеграция институты жүргізген сауалнамаға сәйкес, қазақстандықтардың 72,4% «Nur Otan» партиясына сенім білдіреді. Бұл туралы аталған институттың Әлеуметтік зерттеулер орталығы жетекшісі Гүлден Емишева Malim.kz порталына берген сұхбатында айтқан.
Оның айтуынша, институт біраз уақыт бойы халық арасында сауалнама жүргізіп, саяси партияларға деген көзқарасын білмек болған.
«Қазақстандықтар арасындағы сенім деңгейі бойынша «Nur Otan» партиясы абсолютті көшбасшы болып табылады деп бүгіннен айтуға болады. Біздің зерттеулеріміздің деректері бойынша партияның халық арасындағы танымалдығының деңгейі ең жоғары – шамамен 95%, сенім – 72,4%. Бұл ретте халықтың 78%-ы «Nur Otan»-ның қызметі азаматтардың мүдделеріне сәйкес келеді деп санайды», - деді ол.
Айта кетейік, 2021 жылы Қазақстанда Парламент Мәжілісі мен облыстық-қалалық мәслихаттардың сайлауы өтеді.