Сарапшылар елде жұмыссыздық көбеюі мүмкін деп топшылайды
Алдын ала есептеу бойынша, Қырғызстандағы саяси тұрақсыздық салдарынан 10 қазанындағы шығын көлемі 8 млрд сомды құрады немесе бүкіл ел бойынша 104 млн долларға жуық кірістен қағылды. Мұндай деректерді Қырғызстан бизнес-қауымдастығы ұлттық альянсы ұсынып отыр.
Сарапшылардың пікірінше, шамамен 210 млн долларды құрайтын жиырмадан астам келісімшарт пен бизнес-жобалардан қағылған.
Саяси тұрақсыздық салдарынан миллиардтаған сом жоғалтып, жұмыссыздық, салықтар мен төлемдер жоспары көбейіп, елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы нашарлауы мүмкін.