«Халыққа адал қызмет» (ХАҚ) партиясын құруға бастама білдірген тұлғалар тобы бүгін мәлімдеме жасады
Алматыда өткен арнайы баспасөз мәслихатында қозғалыс мүшелері Әділет министрлігі тіркеу процедураларына рұқсат бермей отырғанын айтты. Тиісті құжаттар «Саяси партиялар туралы» заңның 6-шы бабына сай министрлікке жолданған. Алайда биыл 5 қарашада өтініш кері қайтарылған.
«Бастапқыда біз заңды қарағанда 10 адамнан тұратын бастамашыл топ болса, партияны тіркеу процедуралырын бастауға рұқсат беріледі деп көрсетілген. Алайда 26 маусымда бұл нормаға өзгеріс енгізіліпті. Онда кем дегенде 1 мың адамның қолын жинау, және олар барлық аймақтарды қамтуы тиіс деп көрсетіліпті. Алайда бұл талаптар еш жерде жария етілген жоқ. Тиісті баспасөзден де шықпады. Біз одан бейхабар болдық. Партияны тіркеуге рұқсат беретін процедураларға қажетті талаптарды орындап, өтініш жолдағанбыз. Алайда біздің жолдаған құжаттармыз кері қайтып келді»,- дейді басамашыл топтың жетекшісі Тоғжан Қожалиева.
Қозғалыс белсенділері осы дүйсенбіде Әділет министрлігі мен Бас прокуратураға саяси партияны тіркеуге қатысты сұрақтарға түсінктеме беру үшін шағым жолдаған. Оның жауабын күтпестен «Саяси партиялар туралы» заңның талаптарына сәйкес аймақтарды аралап, қол жинауға кіріспек.
Ақпарат кеңістігінде Тоғжан Қожалиева туралы түрлі қауесеттер тараған. Көпшілік оның артында депутат Бекболат Тілеуханов тұр деген сыңайда ақпараттар таратқан болатын. Қозғалыс өкілі қоғам қайраткерінің інісіне тұрмысқа шыққанын, бірақ қайын ағасымен саяси көзқарастар түйіспейтінін айтады.
«Біздің партияның артында айналамда отырған мына азаматтар тұр. Әрқайсымыздың өзіндік көзқарасымыз бар, бірақ бағытымыз бар. Маған көп айтады, менің артымда қайынағам Бекболат Тілеуханов тұрған шығар деп. Өйткені келініімн иә. Дариға да тұр деп те естимін. Тимур Құлыбаевпен ұзақ уақыт жұмыс істегенім рас. Бірақ оның да ешбір қатыыс жоқ. Біз туралы аңыздар көп. Біз ешкімнің де жобасы емеспіз! Біз – Қазақстан халқының партиясымыз»- дейді қозғалыс мүшесі.
Айта кету керек, жақында Жанболат Мамай жеке партия құру туралы бастама көтерген еді. Одан тыс «Республика» деп аталатын қозғалыс та партияға айналығысы келетіндерін мәлімдеп, тіркеуге рұқсат беретін процедураларға құжат тапсырған. Алайда бұл екеуіне де еліміздің Әділет министрлігі талаптарға сай келмейтінін айтып, тіркеу рәсімдерін бастауға рұқсат бермеген.
Ришат Асқарбекұлы, Алматы