Кәрім Мәсімов пен Өмүрбек Суваналиев Қырғызстандағы ахуалды талқылады

Автор: Azattyq Rýhy

Екі ведомствоның арасындағы ынтымақтастықты жалғастырудың маңыздылығы аталып өтілді

8 қазанда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов Қырғыз Республикасының Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы міндетін атқарушы Өмүрбек Суваналиев телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қырғызстандағы болып жатқан жағдай талқыланды. Жағдай тез арада дұрысталады деген сенім білдірілді. Бұған дейін жасалған келісімдерге сәйкес екі ведомствоның арасындағы ынтымақтастықты жалғастырудың маңыздылығы аталып өтілді», - делінген баспасөз хабарламасында.

Еске салсақ, дүйсенбіде Қырғызстанда 4 қазанда өткен парламенттік сайлаудың қорытындыларымен келіспейтін жаппай наразылықтар басталған болатын. Наразылық білдірушілер қауіпсіздік күштерімен қақтығыстан кейін Парламентке өтпеген оппозициялық партиялардың жақтастары Президент әкімшілігі орналасқан Парламент ғимаратын басып алды. Қақтығыстан 900-ден астам адам зардап шекті, біреуі қайтыс болды. Премьер-министр Кубатбек Боронов отставкаға кетті. Президент Сооронбай Жээнбеков оппозицияны бірнеше рет диалогқа шақырды, бірақ әзірге ресми келіссөздер болған жоқ.