«Nur Otan» партиясының праймериз қатысушыларына дауыс беру процесі 1 қазанда басталды
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов өзінің Facebook-тегі парақшасында праймериз қатысушылары үшін өз таңдауын жасағаны туралы айтты.
«Бүгін мен «Праймериз» ақпараттық жүйесінде «Nur Otan» партиясы Петропавл қалалық филиалынан кандидаттар үшін дауыс бердім. Нұротандықтарға праймериз қатысушылары үшін саналы таңдау жасап, лайықтыларға дауыс беруге шақырамын», - деп жазды партия аймақтық филиалының төрағасы.
«Nur Otan» праймериз қатысушыларына дауыс беру процесі республика бойынша 1 қазанда басталды. Партия орталық аппаратының хабарлауынша, ақпараттық жүйеге техникалық жүктемелерге байланысты онлайн дауыс беру процесі бір тәулікке – 4 қазан күні сағат 14.00-ге дейін ұзартылды.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Nur Otan» партиясы мүшелерінің арасынан 28,5 мыңнан астам сайлаушы дауыс береді, олардың 21 мыңы онлайн дауыс береді. Мұны «Праймериз» мобильді қосымшасы немесе www.primaries.kz веб-сайт арқылы жасауға болады. Онлайн дауыс берудің алғашқы күндерінде аймақтық партиялардың 60% өз таңдауын жасады.
Өз бетінше дауыс беру мүмкіндігі жоқ адамдар үшін компьютерлермен жабдықталған 200 арнайы учаскелер бар. Сол жерде сайлаушылар кеңес ала алады. 3 қазан күні сағат 8.00-ден 14.00-ге дейін облыс аудандарында 98 учаскеде бюллетеньдер бойынша дәстүрлі дауыс беру өтеді.