«Біз бұл жағдайды тоқтата аламыз ба, көреміз» деді АҚШ президенті
АҚШ бірақ резиденті Дональд Трамп дүйсенбіде журналистерге берген сұхбатында Таулы Қарабақтағы жағдайға байланысты түсініктеме берді. Ол бұл қақтығысты мұқият қадағалап, зорлық-зомбылықты тоқтатуға тырысатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі news.am ақпараттық порталына сілтеме жасап.
«Біз жағдайды мұқият қадағалап отырмыз. Біз аталған елдермен жақсы қарым-қатынастамыз. Қақтығысты тоқтата аламыз ба, көреміз», - деді ол.
Еске сала кетейік, жексенбіде Әзірбайжан қарулы күштері халықаралық гуманитарлық құқықтың қолданыстағы нормаларын және қақтығысты шешу жөніндегі бейбіт келіссөздер логикасын өрескел бұзды. Зымыран-артиллериялық құралдар мен авиацияны қолдана отырып, қорғаныс армиясы мен Қарабақтың бейбіт елдімекендеріне шабуыл жасады. Армения соғыс жағдайын жариялады.