Бұл шешім ресми түрде жарияланғаннан кейін өз күшіне енеді
Арменияда Карабахтағы жағдайға байланысты соғыс жағдайы жарияланып, мемлекеттің қарулы күштері бейбітшілік жағдайдан соғыс жағдайына көшірілді. Бұл туралы мемлекеттің Премьер-министрі Никол Пашинян Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі
«Үкіметтің шешімімен Арменияда соғыс жағдайы орнап, мемлекеттің қарулы күштері бейбітшілік жағдайдан соғыс жағдайына көшірілді. Бұл шешім ресми түрде жарияланғаннан кейін өз күшіне енеді», - деп жазды Никол Пашинян.
Айта кету керек, Әзербайжан Қорғаныс министрлігі жексенбі күні Армения қарулы күштері Карабахтағы елді мекендерге оқ атқанын, ел азаматтарының арасында қайтыс болғандар бар екенін мәлімдеді.