Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскийге көңіл айтты

Автор: Azattyq Rýhy

Украинада ұшақ апатынан әскерилер қаза тапқан еді

Фото: ашық дереккөзден

Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскийге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Украинаның Харьков облысында ұшақ апаты салдарынан украиндық әскерилердің қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Орны толмас қайғыға ортақтаса отырып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болған курсанттардың туған-туысқандарына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларымен қауышуына тілектестік білдіремін», – делінген жеделхатта.