Дәрігерлерге үстемеақы төлеуге қосымша 150 млрд теңге бөлінеді - Президент

Автор: Azattyq Rýhy

Үстемақы екінші жартыжылдықта төленеді

Фото: akorda.kz

Медицина мамандарына үстемеақы төлеуге екінші жартыжылдықта қосымша 150 миллиард теңге бөлінеді. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Алматыдағы жұқпалы аурулар ауруханасының жаңа филиалына бардым. Коронавирустың екінші толқынының қаупін ескере отырып, денсаулық сақтау саласына баса мән берілетін болады. Екінші жартыжылдықта дәрігерлердің үстеме төлемақысы үшін қосымша 150 миллиард теңге бөлінеді», - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-де.