Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Президентімен кездесті

Автор: Azattyq Rýhy

Олар ұлтаралық келісімді нығайту жөнінде пікір алмасты

Фото: ашық дереккөзден

ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

«Кездесуде Елбасы мен Өзбекстан Президенті екі ел қатынастарының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары, ұлтаралық келісімді нығайту жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар тараптар Түркі кеңесі аясындағы интеграция мәселелерін талқылады», - делінген хабарламада.