Мәскеудегі Навальныйдың пәтеріне арест қойылды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл пәтерді сатуға, кепілге қоюға немесе біреуге беруге тыйым салынды

Сот орындаушылары Алексей Навальныйдың Мәскеудегі пәтеріне арест салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі саясаткердің баспасөз хатшысы Кира Ярмыштың Twitter-дегі мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып.

Оның айтуынша, бұл «Московский школьник» компаниясының 2019 жылы ФБК роликтері үшін сотқа жүгінген сот ісіне байланысты.

«27 тамызда, яғни, Навальный уланғаннан бір апта өткен соң, сот орындаушылары оның Марьинодағы пәтердегі үлесіне тіркеу әрекеттеріне тыйым салғанын хабарлады. Бұл пәтерді сатуға, кепілге қоюға немесе біреуге беруге болмайды дегенді білдіреді. Сол кезде Алексейдің шоттарына да арест қойылған еді»,- деді Ярмыш.

Естеріңізге сала кетейік, Навальный 20 тамызда Томскіден Мәскеуге ұшатын ұшақтың бортында ауыр халге түсті. Ұшақ Омбыға қонды, есінен танып қалған оппозиционерді жергілікті дәрігерлер қарады. Навальныйдың нашарлау себептерінің бірі улану деп танылды. Кейінірек Омбы Денсаулық сақтау министрлігі Навальныйдың денесінде улар табылған жоқ деп мәлімдеді. 

Бірнеше күннен кейін Навальный Берлин Charité клиникасына ауыстырылды. Германия мамандары Алексейхолинестераза ингибиторлары тобының токсинімен уланған деген қорытындыға келді. Бұл дәрі-дәрмектерде де, ең күшті жүйке уларында да қолданылатын заттардың кең тобы. Кейінірек саясаткер комадан шықты. 14 қыркүйекте желдеткіш аппаратынан ажыратылып, ес жиды.