Президент вице-министр Мәди Такиевті жаңа қызметке тағайындады

Автор: Azattyq Rýhy

Ол 2019 жылдың наурызынан бастап Ұлттық экономика вице-министрі болды

Фото: ашық дереккөзден

Бүгін Мемлекет басшысының өкімімен Мәди Төкешұлы Такиев ҚР Президенті әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының өкімімен Мақсат Нұрдәулетұлы Мұханов ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.

Еске сала кетейік, Мәди Такиев 2019 жылдың наурызынан бастап Ұлттық экономика вице-министрі болды.