Ол ресейлік препарат өзінің тиімділігін, сенімділігі мен қауіпсіздігін дәлелдегенін атап өтті
Ресей президенті Владимир Путин БҰҰ Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзінде COVID-19 коронавирусына қарсы «Спутник V» вакцинасы туралы айтты.
Ол ресейлік препарат өзінің тиімділігін, сенімділігі мен қауіпсіздігін дәлелдегенін атап өтті.
Сондай-ақ, Ресей басшысы БҰҰ қызметкерлеріне вакцинациядан тегін өту туралы ұсыныс жасады.
Айта кетерлігі, Ресей әлемдегі COVID-19 вакцинасын тіркеген алғашқы ел болды. Препаратты Гамалея атындағы НИИЭМ Ресейдің тікелей инвестициялар қорымен бірлесіп әзірледі. Ол «Спутник V» деп аталды.