Италия парламентінде 945 депутат бар
Италия депутаттар санын азайтпақ. Нақтырақ айтқанда, сенаторлардың санын 315-тен 200-ге, ал төменгі палата өкілдерін 630-дан 400-ге дейін азайту көзделген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі euronews.com сайтына сілтеме жасап.
«Пандемиядан зардап шеккен Италия конституциялық реформаға дайындалып жатыр. Қазіргі таңда Италия парламентінде 945 депутат бар. Олар тікелей дауыс беру арқылы сайланады», - деп жазылған ақпаратта.
600 депутатты қалдыру көзделген референдум жүзеге асса, Италия жылына 81,2 млрд евро үнемдейді.