Еуропарламент Беларусь Республикасындағы президент сайлауының нәтижесін мойындамады

Автор: Azattyq Rýhy

Сонымен қатар Еуроодақ басшыларын қатаң санкция қабылдауға шақыратын резолюция қабылдады

Фото: ашық дереккөзден

Еуропа парламенті Беларусь Республикасында 9 тамыз күні өткен президент сайлауының нәтижесін мойындамайтын резолюцияның заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Tut.by сайтына сілтеме жасап.

Құжатта сайлауда халықаралық стандарттардың өрескел бұзылғаны айтылған. Сонымен қатар резолюцияда Александр Лукашенко президент ретінде мойындалмайтыны атап өтілген.

«Резолюцияда Еуропарламенттің Беларусь Республикасының халқын қолдайтыны айтылған. Сонымен қатар Еуропарламент қамауға алынған саяси тұтқындарды дереу босатуды сұрайды. Сондай-ақ Еуропарламент Еуроодаққа мүше мемлекет басшыларын бейбіт тұрғындарға күш көрсеткендер мен сайлауда қатаң фальсификация жасағандарға қарсы қатаң санкция жариялауды сұрады», - деп жазылған ақпаратта.