Ашық пікірсайыстар 30 қыркүйекке дейін жалғасады
Шымкентте «Nur Otan» партиясы праймеризінің қатысушылары арасында ашық пікірсайыстар басталды. Бүгінгі таңда праймеризге қала бойынша 173 азамат қатысып жатыр.
Праймериздің үшінші кезеңіндегі алғашқы дебаттар Абай ауданында күніне 2 мезгіл өткізіліп, оған 28 үміткер қатысты.
Айта кетейік, 7-14 қыркүйек аралығында партияішілік іріктеудің екінші, яғни үгіт-насихат кезеңі өтті. Екінші кезеңде Шымкентте партия мүшелерімен 570 кездесу ұйымдастырылды. Оның 239-ы онлайн-форматта өтті. Кездесулерге партияның 21 мыңнан астам мүшесі қатысты. Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде насихат жұмыстары белсенді түрде жүргізілген.
Ал, 14 қыркүйектен бастап ашық пікірсайыстар өтуде. Бұл кезең 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Пікірсайыстың тәртібі жеребе бойынша анықталған. Ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жарыссөздер кестесі мен өтетін орны Primaries веб-сайтында және партия филиалының ресми аккаунттарында жариялануда.
Пікірсайыстар партия филиалының ресми аккаунттары арқылы тікелей эфирде көрсетіліп жатыр.
Дебаттар эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып өткізілуде. Бөлмелерде зарарсыздандырғыш заттар орнатылған. Сондай-ақ, қатысушылар мен көрермендерге медициналық маска үлестіріліп, кіреберісте контактісіз тәсілмен дене қызуы тексерілуде.