09.09.2020, 17:26
Саясат
Тоқаев пандемия кезінде көрсеткен көмегі үшін Ресейге алғыс білдірді
Мемлекет басшысы Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады
Кездесуде Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың ауқымды мәселелері қаралды. Президент коронавирус індеті кезінде Ресей Федерациясының Қазақстанға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді.
Мемлекет басшысы елдеріміздің арасындағы екіжақты және медицина мен денсаулық сақтау салаларындағы халықаралық ұйымдар аясындағы, оның ішінде жаңа бастамалар мен жобаларды іске асыру шеңберіндегі қарқынды ынтымақтастықты одан ары жалғастырудың маңызын атап өтті.
Кездесуде сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ қызметімен байланысты мәселелер және жоғарғы деңгейдегі ЕАЭО кездесуіне, сонымен қатар, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының алдағы саммитіне дайындық барысы талқыланды.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды