Ол облыстағы жаңартылған нысандарды аралайтынын айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазан айында жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына барады. Бұл туралы ол Twitter-де жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Кеше ШҚО әкімі Д. Ахметов Абайдың 175 жылдығы аясында атқарылған жұмыстар жайында баяндады. Семейдегі Абайдың мұражай кешені, ақынның туған және өмір сүрген жеріндегі нысандардың барлығы толықтай жаңғыртылды. Облысқа қазан айында жұмыс сапарымен барып, нысандарды аралап көремін», - жазды Мемлекет басшысы.
Естеріңізге сала кетсек, 4 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовті қабылдаған еді.