Милан ауруханасының дәрігерлері жағдайды бақылауда ұстап отырғандарын мәлімдеді
Италияның бұрынғы премьер-министрі Сильвио Берлускони Миландағы клиникаға жеткізілді. Тексеру нәтижесінде 83 жастағы саясаткерде екі жақты пневмония анықталды, деп хабарлайды Euronews.
Екі күн бұрын Берлусконидің коронавирусты жұқтырғаны белгілі болды. Бірақ ешқандай белгілер болған жоқ және ол Миланға жақын виллада өзін-өзі оқшаулады. Медиа магнат өзін жақсы сезінетінін және жұмысын жалғастыра беретінін мәлімдеді.
Италиялық БАҚ Берлускони отбасының бірнеше мүшесі коронавирус жұқтырғанын, оның 30 жастағы әйелінде, сондай-ақ, магнаттың Сардиния жағалауындағы тағы бір вилласындағы жақындарынан вирус анықталғанын хабарлады.