Шыңғыс Қабдула қызметінен босатылып, орнына Дмитрий Малахов тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Шыңғыс Қайыпұлы Қабдула Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.
Ал оның орнына Мемлекет басшысының өкімімен Дмитрий Михайлович Малахов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.