Парламент палаталарының алтыншы сессиясы ашылды

Автор: Azattyq Rýhy

Оған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып отыр

Фото: ашық дереккөзден

Бүгін, 2020 жылдың бірінші қыркүйегінде Парламент Сенаты мен Мәжілісінің алтыншы сессиясы ашылды. Сессияға сенаттың 47 депутаты арасынан 44 депутат, Мәжілістің 107 депутатынан 98 депутат қатысып отыр.

Сессиялардың ашылуы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатыр. Алтыншы сайланған Парламенттің алтыншы сесссиясының ашылуына сондай-ақ, Премьер-министр, Үкімет мүшелері мен өзге де уәкілетті органдардың басшылары қатысып жатыр.