Алматыда жаңа туған сәбиін арыққа тастап кеткен ана іздестіріліп жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Баланы жергілікті тұрғын кездейсоқ тауып алған

Алматы полициясы жаңа туған нәрестені көшеге тастап кеткен әйелді іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz. Шақалақты 25 тамызға қараған түні Райымбек көшесінің бойынан жергілікті тұрғын тауып алған.

Сәби аман. Оны тауып алған адам дереу жедел жәрдем шақырып, балаға медициналық көмек көрсетілді.

«Қазіргі уақытта Алмалы аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімі баланың биологиялық анасының орналасқан жерін анықтау және полицияға тапсыру үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізуде. Алматы полициясы қамқор азаматтарды нәрестенің биологиялық анасы туралы кез келген ақпарат болған жағдайда бұл туралы полицияға дереу хабарлауға шақырады», - делінген аталған хабарламада.