Ол Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы қызметінен босатылды
Мемлекет басшысының өкімімен Мұхтар Ақатұлы Аюбаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы қызметінен босатылды.
Мұхтар Аюбаев 1959 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Еркін күрестен спорт шебері.
Ол 2006-2013 жылдары ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығы, 2013-2014 жылдары ҚР Республикалық ұланының қолбасшысы болды.