Қазақстанда 1,5 мың адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Қайтыс болғандардың жалпы саны 1496 адамды құраған

Елімізде соңғы тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1509 адам емделіп шықты, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.

Атап айтқанда:

  • Нұр-Сұлтан қаласында - 497,
  • Алматы қаласында - 370,
  • Ақмола облысында - 19,
  • Ақтөбе облысында - 11,
  • Алматы облысында – 10,
  • Атырау облысында - 8,
  • Шығыс Қазақстан облысында - 80,
  • Жамбыл облысында - 20,
  • Батыс Қазақстан облысында - 63,
  • Қарағанды облысында - 330,
  • Қостанай облысында - 15,
  • Қызылорда облысында - 2,
  • Павлодар облысында -19,
  • Солтүстік Қазақстан облысында -33,
  • Түркістан облысында - 32 адам.

Айта кетейік, елімізде барлығы 92 598 адам COVID-19 вирусынан емделіп, сауығып шықты. Ал вирус жұқтырғандардың жалпы саны 104 718-ге жетіп отыр.