Еуроодақ Беларуське қатысты төтенше саммит өткізді
Бельгия астанасы Брюссельде Еуроодақтың төтенше саммиті өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.
Бейнеконференция форматында ұйымдастырылған жиында одақ мүшелері Беларусьте өткен президенттік сайлау қорытындысын мойындаудан бас тартты. Сондай-ақ олар Беларусьтегі азаматтық қоғам мен ереуіл кезінде зардап шеккен азаматтарға көмек ретінде 52 миллион еуро бөлуге келісті.
Айта кетейік, осының алдында Еуроодаққа мүше елдердің Сыртқы саясат басшылары Беларусьтегі ереуіл кезінде халыққа күш қолданған тұлғаларға санкция салу мәселесін қолға алған.