Бұл туралы партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек хабарлады
«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Twitter-парақшасында партияның cаяси кеңесі бюросының 24 тамызға белгіленген отырысы 25 тамызға ауыстырылғанын хабарлады.
Еске сала кетейік, соңғы рет Елбасының төрағалығымен «Nur Otan» партиясының саяси кеңесі бюросының мәжілісі 5 наурызда өтті. Партияның сол отырысында биыл еліміздің барлық өңірлерінде жаңа форматта ішкі партиялық іріктеу – праймериз өткізу жөнінде шешім қабылданды.