Оған балалар ата-аналарымен қатыса алады
21 тамызда еліміздің барлық оқушылары үшін жалпыреспубликалық бірыңғай сынып сағаты өтеді. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Жаңа 2020-2021 оқу жылында карантиндік шаралар жағдайында білім алушыларды оқыту форматтарымен таныстыру мақсатында 21 тамызда «Мен жаңа оқу жылында қалай оқимын?» тақырыбында еліміздің барлық оқушылары үшін жалпыреспубликалық бірыңғай сынып сағаты өтеді. Сынып сағаты қашықтан болады, ал уақытын мектеп әкімшілігі бекітеді. Қалауы бойынша ата-аналар балаларымен бірге қатыса алады», - делінген хатта.
Сынып сағаты барысында сынып жетекшілері келесі мәселелерді түсіндірмек: