БАҚ-қа арналған жедел баспасөз орталығына бірыңғай талаптар белгіленеді
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Бейбіт жиналыстарда болатын журналист қызметінің қағидаларын, журналистің айырым белгілерінің нысандарын бекіту туралы» № 279 бұйрықты бекітті. Ведомство хабарламасында жазылғандай, қағидалар «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 4-3-бабының 13-4) тармақшасына сәйкес, ЮНЕСКО-ның бейбіт жиналыстарда журналистердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдарын ескере отырып әзірленген.
Бұйрықта мынадай негізгі ережелер көзделген:
Еске салсақ, 25 мамырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заңға қол қойған болатын. Ол 6 маусымда күшіне енді.
Бұрынғы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев 30 сәуірде Сенатта журналистер митинг орнындағы түсірген фото, видеоматериалдарын мемлекеттік органдарға ұсынуға міндетті емес екенін, оларға бейбіт жиналыстарға қатысқанда басқалардан ерекшелеп тұратын белгілер ұсынылатынын айтқан еді.