Елбасы «Nur Otan» саяси кеңесі бюросының отырысын шақыру туралы қаулыға қол қойды
Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Twitter-парақшасында хабарлады.
«Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» саяси кеңесі бюросының отырысын 2020 жылғы 24 тамызда шақыру туралы қаулыға қол қойды», - деп жазды ол.
Еске сала кетейік, соңғы рет Елбасының төрағалығымен «Nur Otan» партиясының саяси кеңесі бюросының мәжілісі 5 наурызда өтті. Партияның сол отырысында биыл еліміздің барлық өңірлерінде жаңа форматта ішкі партиялық іріктеу – праймериз өткізу жөнінде шешім қабылданды.
Бүгіннен бастап Қазақстанда «Nur Otan» партиясының праймеризіне кандидаттарды тіркеу басталды.