Порошенко Лукашенкоға Беларуссияда қайта сайлау өтсін деді

Автор: Azattyq Rýhy

9 тамызда өткен сайлауда Лукашенко 79,7%пайызбен жеңіске жеткен

Украинаның бұрынғы президенті Петр Порошенко Беларусь Президенті Александр Лукашенкоға бейнехабарлама жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Украинскую правда»-ға  сілтеме жасай отырып.  Онда бұрынғы ел басшысы Минскіде мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу туралы ұсыныс тастаған. 

Порошенко «хаос пен саяси белгісіздіктің тұңғиығына түсіп жатқан» Беларусь елі үшін жүрегі ауыратынын атап өтті.

Бұрынғы Украина президентінің айтуынша, Беларусь билігі «мемлекет өміріндегі демократиялық өзгерістерге ұмтылатын және Беларусь қоғамының талаптарына жауап табуы керек».

«Минск өз азаматтарына қарсы зорлық-зомбылықты дереу тоқтатып, саяси тұтқындар мен бейбіт наразылық білдірушілерді босатып, саяси қарсыластарды қудалауды тоқтатуы кере»,- деді Порошенко бейнехабарламада.

Сонымен қатар, ол биліктің қоғаммен ашық диалогын қамтамасыз етуге шақырады.

«Беларуссияда ЕҚЫҰ / ДИАҚБ және Еуропа кеңесін кеңінен тарта отырып, мерзімінен бұрын Президент сайлауын өткізу туралы жариялау, жетекші халықаралық ұйымдар мен құрылымдардың өкілдерін байқау үшін шақыру, сайлау процесіне сенімге ықпал етуқажет»,- деді Порошенко.

Ол сондай-ақ халықаралық қоғамдастықты «Ресей агрессорының әрекеттерін» тоқтатуға шақырды. Себебі, «Ресей Беларусь мемлекеттілігі мен тәуелсіздігін жоюүшін ыңғайлы сәтті күтіп отыр» деді экс-президент.