Тиісті Жарлықты Ақорда жариялады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Халықтық құрылыс» инфрақұрылымдық жаңғырту бағдарламасын іске асыруға бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақорданың ресми сайтында комиссияның толық құрамы жазылған. Комиссия Тоқаевқа әр тоқсан сайын және жылына бір рет жылдық есеп ұсынып отыруға міндетті.
Жалпы, дереккөзге сүйенсек, бұл мемлекеттік комиссияның міндеті – Бағдарлама жобаларының уақтылы әрі сапалы іске асырылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ бюджеттік тәуекелдерге, бөлінген қаражаттың тиімсіз жұмсалуына жол бермеу.
«Бағдарламаны іске асырудың жоспарлау мен қаражатты бөлуден бастап, нысандарды нақты пайдалануға беруге дейінгі барлық кезеңі бақылауға алынады. Мемлекеттік комиссия мемлекеттік сатып алулардың мерзіміне, құнына және заңдылығына мониторинг жүргізіп, тәуекел деңгейі жоғары жобаларды анықтайды және кемшіліктерді жою жөнінде шаралар әзірлейді», - деп хабарлайды Ақорда.
Комиссияның төрағасы болып Жоғары аудиторлық палатының төрағасы Әлихан Смайылов тағайындалған. Ақорда мәлімдегендей, мемлекеттік комиссияның жұмыс органы ретінде ЖАП белгіленіп отыр.
«Мемлекеттік комиссияның жұмыс органы ретінде Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы белгіленді. Комиссия құрамына уәкілетті мемлекеттік органдар басшылары, Құрылтай депутаттары, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, журналистер, қоғам қайраткерлері, сарапшылар, өңірлердің және бизнес қауымдастықтың өкілдері енді», - деп хабарлайды Ақорда.
Айта кетейік, комиссия құрамында нақты 47 нақты тұлға мен лауазымды басшы бар, ал өңірлік мәслихат төрағаларын қоса есептегенде жалпы саны 67 адам бар.
Лауазымы бойынша енген мемлекеттік орган басшылары — 9 адам:
Комиссия мүшелері, (38 адам):
Өңірлік өкілдер – 20 адам:
«Астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарының төрағалары» деген тармаққа еліміздегі 17 облыс пен 3 республикалық маңызы бар қаланың (Астана, Алматы, Шымкент) мәслихат төрағалары кіреді.