Тоқаев Ливан президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Автор: Дәулет Ботагөз

Мемлекет басшысы Ливан Республикасының президенті Джозеф Халил Аунға құттықтау жеделхатын жолдады

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ливан Республикасының президенті Джозеф Халил Аунға және осы елдің халқына ұлттық мереке – Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент жеделхатта Қазақстан мен Ливан арасындағы екіжақты қатынастардың маңыздылығына ерекше назар аударып, Астана мен Бейрут арасындағы серіктестіктің берік негізі қаланғанын атап өтті.

«Берік достық пен өзара түсіністікке негізделген ынтымақтастық алдағы уақытта да екі ел халықтарының игілігі жолында дами беретініне сенімдімін», — делінген мемлекет басшысының жеделхатында.

Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ливан көшбасшысына жауапты мемлекеттік қызметінде табыс, ал достас Ливан халқына бақ-береке мен құт-береке тіледі.