«Аяушылық та, рақымшылық та болмайды»: Тоқаев Қазақстандағы жемқорлықпен ымырасыз күрес жүретінін мәлімдеді

Автор: Бақыт Шынар

Бүгін президент Серіктестер форумына қатысты

Фото: istockphoto.com

Бүгін III Стратегиялық серіктестер форумында сөз сөйлеген президент Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорларға ешқандай аяушылық немесе рақымшылық болмайтынын қадап айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазақстан сенімді серіктес ретінде Конституциядағы «Заң және Тәртіп» қағидатының тұрақты, болжамды әрі ашық ортаның берік негізіне айналуын қамтамасыз етеді. «Заң және Тәртіп» – жай ғана мемлекеттік саясаттың бір қағидаты емес. Ол – менің Әділетті Қазақстан құру жолындағы асқақ мұратымның арқауы, өзегі десем болады», - деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, Қазақстанда жүріп жатқан жан-жақты саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар әділдік, отаншылдық, толеранттылық, еңбекқорлық, шығармашылық, зайырлылық және прогресс құндылықтарымен астасып, біте қайнасып жатыр.

«Конституциямызда заң мен сот алдында бәрі тең екенін анық жазу арқылы осы өзгерістердің нәтижесін бекемдей түсеміз. Осы ретте сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күрес жүргіземіз. Бұл – біздің табанды ұстанымымыз. Бұған дейін айтқанымдай, жемқорларға ешқандай аяушылық немесе рақымшылық болмайды», - деді Тоқаев.