Тоқаев Трамптың шақыруымен Майамиге барады – Ақорда сапарды пысықтап жатыр

Автор: Бақыт Шынар

Президент АҚШ бойынша арнайы өкілі Ержан Қазыханды қабылдады

Фото: Ақорда

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Америка Құрама Штаттарымен екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша келіссөз процесіндегі өкілі Ержан Қазыханды қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ержан Қазыхан Қасым-Жомарт Тоқаевқа АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен G20 саммитіне қатысу үшін Майамиге жоспарланған алдағы сапарға дайындық барысы баяндады», - деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Қазақстан-Америка кеңейтілген стратегиялық серіктестігін одан әрі дамыту жөнінде нақты міндеттер жүктеді.