Моңғолия президенті тікелей эфирде отставкаға кететінін мәлімдеді

Автор: Бақыт Шынар

Оған пара алды деген айып тағылып отыр

Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Бүгін, 17 қараша күні Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсух тікелей эфир кезінде өз еркімен отставкаға кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Оның тікелей эфирі facebook-тегі ресми парақшасында трансляцияланды.

Қазір бұл елде Таван – Толгой – Гашуунсухайт теміржол құрылысына қатысты үлкен дау туды. Яғни, осы теміржолды салу үшін билік құпия тендер өткізіп, 110 млн доллар көлемінде пара алды деген күдікке ілініп отырн.

Сондықтан кеше, 16 қараша күні елдегі оппозиция президент пен осы айып тағылып отырған өзге де шенеуніктердің отставкасын талап еткен.

Бүгінгі тікелей эфир кезінде президент ары таза екенін мәлімдем, өзінің кінәсіз екенін дәлелдеймін деді.

«Бұл айыптың бәрі жалған  екенін дәлелдеу үшін мен қызметімнен кетіп, өзімнің ар-намысымның таза екенін дәлелдеймін», - деді Ухнаагийн Хурэлсух.

Президент тергеумен де ынтымақтастық орнатып, параға қатысты айыпты жоққа шығармақ.