Тоқаев Польша президентіне көңіл айтты

Автор: Алмас Ерсін

Қазақстан Президенті зорлық-зомбылық әрекетін қатаң айыптады

Фото: istockphoto.com

Мемлекет басшысы Польша Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Краков қаласындағы атыс салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Польша Президенті Кароль Навроцкийге көңіл айтты.

Мемлекет басшысы зорлық-зомбылық әрекетін қатаң айыптап, Польша халқына қолдау білдірді. Сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігін жеткізді.

7 қараша күні күндіз Краковтың орталық алаңында Польшаның 25 жастағы азаматы мылтықпен адамдарға оқ атқан. Салдарынан алты адам – екі ер адам мен төрт әйел қаза тапты. Тағы 16 адам жарақат алды. Олардың арасында Австрия, Германия, Португалия, Ресей және Ұлыбритания азаматтары бар.

Полиция шабуылдаушыға қарсы оқ атып, оны ұстады. Қазір күдікті оқ жарақатымен ауруханада жатыр.

Кейін оның үйінен үш адамның мәйіті табылды. Олар күдіктінің ата-анасы мен әпкесі екені анықталды. Польшада екі күндік аза тұту жарияланды.