Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

Автор: Дәулет Ботагөз

Сондай ақ Қазақстан президенті Құрметті қонақтар кітабына ізгі тілегін жазды

Фото: Ақорда

Қазақстан мен Тәжікстан президенттері Астана қаласындағы Анатолий Храпатый көшесінде орналасқан Тәжікстан елшілігі жаңа ғимаратының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон рәсімдік лентаны қиды. Содан соң президент оркестрі екі елдің мемлекеттік әнұрандарын орындады.

Мемлекеттер басшыларына Тәжікстан елшілігінің ғимараты туралы ақпарат беретін бейнеролик көрсетілді. Содан кейін олар дипломатиялық өкілдікті аралап көрді. 

Сондай ақ Қазақстан президенті Құрметті қонақтар кітабына ізгі тілегін жазды. Екі елдің көшбасшылары елшілік аумағына ағаш көшетін екті.