Ол бұған дейін бірқатар ұлттық компанияларда қызмет еткен
Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев министрлер кабинетінде бірқатар ауыс-түйіс жасады. Дәлірек айтсақ, ол Нұрлан Сауранбаевты көлік министрі лауазымынан босатып, оның орнына Әсел Жанасованы тағайындады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсел Жұбанышқызы Жанасова Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Көлік министрі болып тағайындалды», - деп хабарлайды Ақорда.
Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босады.