Қасым-Жомарт Тоқаев Әбделмәжид Теббунның жауапты қызметіне табыс, ал Алжир халқына құт-береке тіледі
Қасым-Жомарт Тоқаев Әбделмәжид Теббунды Алжир Халық Демократиялық Республикасының ұлттық мейрамы – Революция күнімен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент достық пен өзара түсіністікке негізделген ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында ұдайы дами беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Әбделмәжид Теббунның жауапты қызметіне табыс, ал Алжир халқына құт-береке тіледі.