Қазақстанның Марокко мен Кубадағы елшілері тағайындалды

Автор: Дәулет Ботагөз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлықтарымен елшілер тағайындалды

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлықтарымен Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі және Куба Республикасындағы жаңа Төтенше және Өкілетті Елшілері тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Мемлекет басшысының жарлығымен Андриан Көпмағамбетұлы Елемесов Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.

Ал Айнұр Нұрланқызы Дәненова Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.

Олжас Әзілұлы Исабеков Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.