Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің президенттері бірге суретке түсті (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Тоқаев Анкарадағы Президент кешенінің Көрме орталығына барды

Фото: Ақорда

Бүгін бұл сарайда Түркі мемлекеттері ұйымының 13-ші саммиті өтеді. Оның қарсаңында Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитіне қатысушы делегация басшылары бірге суретке түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорда жазғандай, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-ші саммитіне қатысу үшін Анкарадағы Президент кешенінің Көрме орталығына барған.

Президенттер бірге суретке түсіп, саммит алдындағы ресми шараларға қатысып жатыр.