Тоқаев Ердоғанға телефон соққан Трампқа не деп жауап берді (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Бірнеше президент келесі кездесуді күтіп отырғанда, Ердоғанға Трамп қоңырау шалған

Фото: скриншот

Бұл күндері Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияда ресми сапармен жүр. Президенттің сапарларынан хабар тарататын журналист, «PRESIDENT» арнайы жобасының авторы Әділ Балтабаев Анкарадағы саяси тосын жағдайдың видеосын жариялады, деп жазады Azattyq Rýhy.

Журналист Түркі мемлекеттері ұйымының басшылары маңызды кездесуді күтіп отырғанда, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға АҚШ президенті Дональд Трамптың телефон шалғанын айтты.

«Түркі мемлекеттерінің президенттері Анкарадағы Саммит аясындағы бір іс-шараны күтіп, әңгімелесіп отырғанда АҚШ президенті Дональд Трамп Режеп Тайып Ердоғанға телефон шалды. Сөз соңында Трамп сол бөлмеде отырған президенттерге тілектестік танытып, «оларды жақсы көретінін» айтқан», - дейді Балтабаев.

Бірақ, журналист жазғандай, бұл әңгімеден гөрі сөз соңындағы Тоқаевтың реплекисы қызық болды дейді. Журналист видеосының соңына Қазақстан президентінің мынандай сөзін қосқан:

«Біздерді Қытай басшысы жақсы көреді. Ресейдің басшысы да жақсы көреді. Бірақ, ең үлкен, маңызды мәселе – Түркияның  президенті біздерді жақсы көреді», - деген Тоқаев.