Тоқаев Аустрияның Федералдық президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Автор: Дәулет Ботагөз

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Ван дер Белленді және Аустрия халқын Ұлттық күнімен құттықтады

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Ван дер Белленді және Аустрия халқын Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан президенті екіжақты ынтымақтастықтың одан әрі нығая түсетініне сенім білдіріп, Александр Ван дер Беленнің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Аустрия халқына бақ-береке тіледі.