Беларусьтегі президент сайлауы аяқталды

Автор: Azattyq Rýhy

Экзитпол қорытындысы бойынша Александр Лукашенко жеңіске жетті

Беларусьте президенттік сайлау өтті деп есептелді. ТАСС агенттігінің мәліметінше, СТВ телеарнасының тапсырысы бойынша өткізілген экзитпол нәтижесі Александр Лукашенкоға халықтың 71,4% дауыс бергенін көрсеткен. Ал оппозицияның негізгі кандидаты Светлана Тихановская 10,1% дауыс жинаған. 

Жалпы, халықтың дауыс беруі үшін Беларусьте барлығы 5 мыңнан астам сайлау учаскесі жұмыс істеді. Шет елдерде 44 сайлау учаскесі ашылды. 

Айта кетейік, Беларусьтегі сайлауға бес кандидат қатысты. Олар:  қазіргі президент Александр Лукашенко, Светлана Тихановская, Анна Канопацкая, Андрей Дмитриев және Сергей Черечень.

Сайлаудың ресми қорытындысы бүгін жарияланады.