Бұл қызметке Қанат Құлшыманов барған
Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық коммуникациялар қызметінің басшысын ауыстырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Амангелдіұлы Құлшыманов Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры болып тағайындалды», - деп хабарлайды Ақорда.
Құлшыманов бұрынғы лауазымынан босады. Бүгін президент сондай-ақ ОКҚ директор болған Асқар Омаровты осы қызметтен босатқан еді.