Қасым-Жомарт Тоқаев Пешавардағы мектеп ғимараты шатырының опырылуы салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты Шахбаз Шарифке көңіл айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев Пешавардағы мектеп ғимараты шатырының опырылуы салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты Премьер-министр Шахбаз Шарифке көңіл айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Пәкістан халқының қайғысына ортақтасып, зардап шеккен жандардың тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.