Қазақстан мен Камбоджа алты бағыт бойынша ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды

Автор: Дәулет Ботагөз

Келіссөздердің басты жаңалықтарының бірі – екі елдің бас қалалары арасында тығыз байланыс орнату болды

Фото: Ақорда

Ақордада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Камбоджа Премьер-министрі Хун Манеттің қатысуымен екіжақты жоғары деңгейдегі келіссөздер өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті мен Камбоджа Премьер-министрінің қатысуымен үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттар алмасу рәсімі өтті:

  1. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Камбоджа Корольдігі Пошта және телекоммуникациялар министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
  2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы мен Камбоджа Корольдігі Ішкі істер министрлігі арасында цифрлық үкімет, GovTech және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар салалары бойынша ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум; 
  3. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі мен Камбоджа Корольдігі Сауда министрлігі арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
  4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Камбоджа Корольдігі Мәдениет және көркем өнер министрлігі арасында мәдениет пен өнер салалары бойынша ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
  5. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен Камбоджа Корольдігі Туризм министрлігі арасындағы туризм саласы бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;
  6. Астана мен Пномпень қалалары арасында бауырластық байланыс орнату туралы меморандум.

Келіссөздердің басты жаңалықтарының бірі – екі елдің бас қалалары арасында тығыз байланыс орнату болды.