Ақордада Камбоджа Премьер-министрін қарсы алу рәсімі өтті

Автор: Дәулет Ботагөз

Салтанатты іс-шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хун Манет бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды

Фото: Ақорда

Ақордада елімізге ресми сапармен келген Камбоджа Корольдігінің Премьер-министрі Хун Манетті қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салтанатты іс-шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хун Манет бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. 

Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң президент оркестрі екі елдің әнұрандарын шырқады.