Шұғыл: Қазақстанда мәслихат сайлауы 29 қарашада өтетін болды

Автор: Бақыт Шынар

Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясы мәлімдеді

Фото: ОСК

Бүгін, 13 қазан күні Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы қай күні өтетінін жария етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Орталық сайлау комиссиясы мерзімінен бұрын өтетін мәслихат сайлауын 2026 жылдың 29 қарашасына белгілеген.

Кеше, 12 қазан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойған болатын.