Бұл туралы Ақорда хабарлады
Бүгін Бельгиялықтар Королі Филипп пен Патшайым Матильда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың резиденциясында құрметті қонақ болып, асыл тұқымды арғымақтарын тамашалады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жалпы, Ақорда жазғандай, корольдік отбасы Қазақстандағы сапары аясында халқымыздың бай мәдениетімен және рухани мұрасымен етене танысуға айрықша мән беріп жатыр.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың резиденциясында құрметті қонақ болған корольдік отбасы асыл тұқымды арғымақтарды да тамашалады. Король мен Патшайымға бапкерлер сәйгүліктердің шығу тегі, күтімі туралы әңгімелеп, қазақ халқының ұлттық ойындарынан шағын көрініс қойды», - деп хабарлайды Ақорда.
Айта кетейік, бүгін мәртебелі қонақтар Қазақстанның Ұлттық музейіне барған еді.